500-ден астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 90,2 млн теңге төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 44 кәсіпорнында 890 жұмыскердің алдында 159,1 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 12 нұсқама беріліп, 2 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 516 жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 90,2 млн теңге төленді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы