500-ден астам жалған құжат: Жаңаөзенде шетелдіктерді заңсыз кіргізгендер ұсталды

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында шетел азаматтарын Қазақстанға заңсыз кіргізумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді. Күдіктілерді 19 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Бұл туралы BAQ.KZ полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, ұйымдасқан топ таяу шет елдердің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен.

Бұл қызметі үшін олар ақшалай сыйақы алып отырған. Тінту шаралары барысында күдіктілерден 500-ден астам нотариалдық сенімхат, шетелдік төлқұжаттар, жалған құжаттар, сондай-ақ байланыс құралдары тәркіленді. Аталған дерек бойынша ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық кодекстің "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп жазылған хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы