50 жастан зейнетке шығып, өмір бойы қалай зейнетақы алуға болады?

Жеткілікті зейнетақы жинағы бар қазақстандықтар белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, 50 жастан бастап әрі өмір бойына зейнетақы төлемдерін ала алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ведомство мәліметінше, БЖЗҚ-да жеткілікті мөлшерде зейнетақы жинақтары болған жағдайда зейнетақы аннуитеті шартын жасасу азаматтарға белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ зейнетақы төлемдерін алуды бастауға мүмкіндік береді. 

Атап айтқанда, ерлер 55 жастан, ал әйелдер 53 жастан бастап төлемдер ала алады. 

Сонымен қатар, кемінде бес жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары төленген азаматтар төлемдерді 50 жастан бастап алу құқығына ие.

Зейнетақы аннуитетінің басты артықшылығы – сақтандыру компаниясына аударылған жинақ көлеміне қарамастан, төлемдердің өмір бойы жүзеге асырылуы.

2026 жылы зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін қажетті зейнетақы жинағының мөлшері:

ер адамдар үшін — 10 715 001 теңге;

әйелдер үшін — 14 039 988 теңге;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар ер адамдар үшін — 8 713 438 теңге;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар әйелдер үшін — 11 667 514 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда мерзімінен бұрын қалай зейнетке шығуға болатынын жазған болатынбыз. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы