50 млн теңгеге контрабандалық темекі тасымалдағандар ұсталды
Қостанайда полицейлер 50 миллион теңге болатын контрабандалық темекіні жеткізу арнасының жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, облыс орталығының қоймаларының бірінде полиция қызметкерлері 50 миллион теңгеден астам сомаға есепке алу-бақылау маркалары жоқ 126 мың қорап темекіні тауып, тәркіледі.
Анықталғандай, қыркүйек айында жергілікті кәсіпкер бұл партияны кейіннен сатуды көздеп, белгісіздерден нарықтық бағадан төмен бағамен сатып алған.
Қазіргі уақытта полицейлер жеткізу арнасын және заңға қайшы әрекеттерге қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін одан әрі іс-шаралар жүргізуде.
Жиналған және алынған материалдар Қостанайдың Мемлекеттік кірістер басқармасына берілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Мажарстанның үкімет басшысымен кездесу өткізеді
Келесі жаңалық
Алматыда түнде жеке үй, гараж және монша өртенді
Өзгелердің жаңалығы