50-ге жуық спортшы Израильді футбол жарыстарынан шеттету туралы петицияға қол қойды
Израиль клубтары мен ұлттық құрамасын ресми футбол жарыстарынан шеттету туралы петицияға 48 кәсіби спортшы қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Олардың қатарында 2018 жылғы әлем чемпионы, Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Пол Погба, марокколық футболшы Хаким Зиеш, сондай-ақ Англия крикет командасының экс-ойыншысы Моин Али бар.
Петиция авторлары спорт саясаттан тыс қала алмайтынын және Израильдің адам құқықтарын бұзуы халықаралық ұйымдар тарапынан жауапсыз қалмауы тиіс екенін атап өткен.
Айта кетейік, бұған дейін Түркия футбол федерациясы ФИФА мен УЕФА-ны Израильді халықаралық турнирлерден шеттетуге шақырған болатын. Ал 24 қыркүйекте УЕФА Израиль клубтарын еурокубоктарға қатысудан шеттетпеу туралы шешім қабылдаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарашаңырақтағы қазына: ауыл баласына арналған сый
Өзгелердің жаңалығы