50-ден асқандар қандай тегін оқу оқи алады

«Күміс жас» жобасы аясында Skills Enbek платформасында 2 мыңнан астам адам оқыды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында жаңа дағдыларды тегін үйрене алады. Арнайы бөлім бір ай бұрын ашылды, осы уақыт ішінде оған 2,9 мыңнан астам адам тіркелді, олардың 2,1 мыңы оқып, сертификат алды.

Мүгедектігі бар азаматтардың жеке көмекшісі болғысы келетіндер және мүгедектігі немесе созылмалы ауруы бар отбасы мүшесімен бірге еріп жүретіндерге арналған кәсіптік курстар бұл санаттағы азаматтар арасында көбірек сұранысқа ие.

Сондай-ақ, жобаға қатысушылар бройлер балапаны мен жылыжайларда лимон өсіру, ара шаруашылығы және т. б. курстарда оқуды жөн көреді. Skills Enbek платформасындағы «Күміс жас» қосымша бетінде ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру, әлеуметтік қызмет көрсету, маркетинг және туризм сияқты бағыттар бойынша 120-дан астам курстар бар, - делінген Еңбекмині таратқан хабарламада.

Пайдаланушыларға курстан өткені туралы сертификат беру көзделген, ол Enbek.kz порталындағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетілетін болады. Жұмыс беруші жұмыскерді іздеген кезде ізденушінің түйіндемесінен сертификаттары мен алған дағдыларын көре алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы