50 білім беру ұйымының басшылық құрамынан 150 адам қайта даярлаудан өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы мектебі» үш жылдық бағдарламасы «Басқару және көшбасшылық: даму мектебі» басқару командаларын кәсіби тұрғыдан қайта даярлауға арналған алғашқы шығарылымының қорытындысын шығарады.
Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, аталған бағдарлама бойынша 50 білім беру ұйымының басшылық құрамынан 150 адам қайта даярлаудан өткен.
Бұл жобаны EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институты ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда. Бағдарлама оқытушылары білім беру саласындағы жетекші сарапшылар болып табылады. Аталған қайта даярлау бағдарламасы ЭЖМ ҒЗУ «Білім беруді басқару» магистрлік бағдарламасының 8 сынақтық бірлігіне сәйкес келеді, бұл барлық қатысушыларға бағдарлама бойынша оқу туралы шешім қабылдау кезінде пәндерді есептеуге мүмкіндік береді.
Оқыту барысында тыңдаушылар НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығы мен «Экономика Жоғары мектебі» университетінің магистрлік бағдарламасын тәжірибелі сарапшыларымен бірге 10 айда сегіз модульді аяқтап, жаңа құзыреттер бойынша модуларалық онлайн-курстарға қол жеткізді.
Қорытынды кезеңде басқарушы командалар сарапшылар қоғамдастығы мен Алматы қаласы Білім басқармасының алдына өз жобаларын ұсынды.
Жобаға қатысушылар атап өткендей, оқу барысында олар жай тыңдаушы болған жоқ, олар алғашқы күннен бастап өз командаларымен бірге жұмысқа кірісіп, болашаққа көзқарастарын, содан кейін білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламаларын жасады. Алматы қаласының №1 мектеп-гимназиясының директоры Динара Дүйсенқызы Жанзақованың айтуынша, басқарушы командалар өз жолдарын стратегиялық тұрғыдан салыстыра тексерді.
Біз өз ұжымдарымызды қайта құру идеясымен қуаттай алдық, олар шығармашылық тәсілді, жасырын резервтерді оятты, бұл үшін жобаны ұйымдастырушылар мен Экономика Жоғары мектебінің сарапшыларына алғысымыз шексіз, - деді Д. Жанзақова.
«Басқару және көшбасшылық: даму мектебі» басқару командаларын кәсіби қайта даярлау бағдарламасы түлектерінің сертификаттарын табыстау қалыптасқан дәстүрлер бойынша өтті: құттықтау сөздер, түлектердің мантиясы және бірлесіп суретке түсу. Енді Алматының 50 мектебінде Қазақстанның мәдени-білім беру астанасындағы жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуына негіз бола алатын өзгерістер орын алатын болады.