50 азамат құмар ойынына 150 млн теңгеден астам қаржы жұмсаған
Жетісу өңірінде 50 азамат үнемі құмар ойынын ойнап (интернет-казинолар, букмекерлік кеңселер) 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу өңірінде 50 азамат үнемі құмар ойынын ойнап (интернет-казинолар, букмекерлік кеңселер) 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жетісу өңірінде 50 азамат үнемі құмар ойынын ойнап (интернет-казинолар, букмекерлік кеңселер) 150 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған, ал олардың балаларына 60 миллион теңге алимент түріндегі қарызы болған.
Мәселен, Талдықорғанда жарты миллион теңге алимент бойынша берешегі бар борышкер Д. онлайн букмекерлік кеңседегі есепшотын 52 миллион теңгеге толтырған.
Прокурорлардың жүргізген талдауы бойынша Әділет департаментіне борышкерлерге қатысты шара қолдану туралы ұсыныс енгізілді.
Жалпы жыл басынан бері Жетісу облысының прокурорлары 87 баланың берешек алименті бойынша 63 миллион теңге қарыздың орнын толтыруға қол жеткізді.
144 төлемеуші тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (116 адам қамауға алынды және 28-іне айыппұл салынды).
9 тұрақты төлемеуші тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
- Шымкентте 750 млн теңгелік жоба тоқтап қалған: Прокуратура мәселені шешті 10:43
- Алматыда оқушы көбейіп, мектеп жетпей жатыр: Ең қиын жағдай қай ауданда? 10:10
- Ғалымдар тозған жайылымдарды қалпына келтіретін технология ойлап тапты 09:49
- Қазақстанда заңсыз еңбек еткен 3,8 мыңнан астам шетелдік анықталды 09:09
- Жалған аккаунттар көбейді: ІІМ азаматтарды сақ болуға шақырды 08:54
- Алматыда роботакси таныстырылды 08:42
- Әлеуметтік желіге қатаң тыйым: Ұлыбритания жаңа заң қабылдамақ 08:32