50 акуланың ортасында қалған спортшы қалай аман қалғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британияда жүзгіш 50 акуланың ортасында қалып, аман қалған. 

Акулалар ер адамның маңайында 15 минут бойы жүзіп, қолы мен аяғына шабуылдаған. Алайда еш жеріне зақым келмеді, деп жазды korrespondent.net.

Британиялық суда жүзу шебері Оли Раш түнде суға түсіп, 50 акуланың ортасында қалыпты. 36 жастағы жүзгіш жылдам жүзу бойынша жарысқа дайындалып, Уайт аралына суға түсуге барады. Ай сәулесімен жаттығуын жалғастырған ол алысқа жүзіп кетеді. Қасында досы Эшли Макферсон қылқайықпен соңынан ілесіп отырған.

Жағадан 70 метрдей алыстағанда Раш аяғына тиген соққыдан секем алады. Досы қолшамның жарығын түсіргенде елуге жуық алып акулаларды көреді. 

Балықтың бұл түрі Ұлыбританияның суларын мекендейді. Олардың ұзындығы 120 сантиметрге дейін жетеді. 

Акулалар Рашты 15 минут бойы қоршап алып, гидрокостюммен жабылмаған аяғы мен қолдарына тиіседі. Бақытқа орай, спортшы аман қалған.

Қатты қорықпадым. Керісінше, өзімді ерекше таңдауға түскен адаммын деп есептедім, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы