50-80% мұздық еріп кетуі мүмкін - ғалымдар

Әлемде мұздықтар тез еріп жатыр. Америкалық ғалымдар осындай ұйғарым жасап отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Science журналына шыққан зерттеулерге сүйенсек, климаттың өзгеруіне байланысты ғасыр аяғына жетпей мұздықтардың үштен екі бөлігі жоғалып кетуі мүмкін. Ғалымдар Гренландия мен Антарктиканы қоспағанда 215 мың мұздықты жан-жақты зерттеген. 

Авторлардың пайымынша, негізінен шағын, бірақ халыққа танымал мұздықтар еріп кетеді. Тіпті  2100 жылға дейін әлемдік мұздықтардың 83%-і жойылады деген болжам да айтылып жүр. 

Зерттеулерде әрбір мұздықтың жаһандық деңгейдегі көлемінің өзгеруін көрсететін жаңа деректер жинағын қолдандық. Нәтижесінде шағын бірақ танымал мұздықтар жақын арада жоғалады деген болжамға келдік. Соңғы болжамдар бойынша 50-80% мұздық еріп кетуі мүмкін. Ал мұның салдары  адамзатқа үлкен қауіп төндіреді, - деді Карнеги-Меллон университетінің ғалымы Дэвид Раунс.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы