5 жылда 176 полиция бекеті орнатылады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің дәстүрлі брифингінде белгілі болды.

ІІМ жүйесінде 2021 жыл құқық бұзушылықтың алдын алу және «жұртқа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы деп жарияланды. Қалаларда 58 модульдік стационарлық полиция бекеттері орнатылды. Жалпы 5 жыл ішінде осындай 176 бекет орнату жоспарлануда. Қоғамдық орындар мен автожолдарда полицияны шұғыл шақыру үшін «SOS» дабыл түймелерін орнату пысықталуда, - деп Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев алқа отырысында айтты.

Ведомство басшысы бүгінде жеке құрамды әлеуметтік қорғауды жақсарту бойынша теңдессіз шаралар қабылданғанын атап өтті.

Жалақыны көтеру мүмкіндіктері қарастырылған. Тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы алуға құқығы бар лауазымдар тізбесі кеңейтілді. Әскери қызметшілерге ұқсас тұрғын үй төлемдері тетігін көздейтін заң қабылданды. Қызмет атқару үшін қажетті жағдайлар жасалуда. Мемлекет басшылығының сенімін ақтау керек. Әрбір полицейді бұл адал жұмыс істеуге ынталандырады. Бізге жүктелген жауапкершілікті түсініп, сауатты және адал жұмыс істеуіміз керек, - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы