5 желтоқсан – Халықаралық Волонтерлер күні
Бұл күнді экономикалық және әлеуметтік дамуға көмек көрсетуші еріктілердің халықаралық күні деп те атауға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҒЖБМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялап, «Еріктілер – өзгенің мәселесін өз ісіндей көретін жүрегі кең, ниеті дұрыс жандар»-деген тамаша баға берді.
Ықылым заманнан дала заңына сәйкес адамдар арасындағы қолғабыс ету, қайырымдылық жасау дәстүрге айналғандығы ақиқат емес пе?!
Бүгінгі күні волонтерлардың біразы студент жастар екендігіне куә болып отырмыз. Жоғары оқу орындарында белсенді жастардан тұратын волонтерлар штабы құрылған.
«Ерік дегеніміз – қозғаушы күш, мақсатқа жету жолындағы кедергілерді жеңуші құрал» - деген Бауыржан Момышұлының сөзін ұстаным еткен волонтер жастардың атқарып жатқан жұмыстары көз қуантады.
Олар білім мен ғылым, спорт пен мәдениет, денсаулық сақтау және өзге де сан салада елеулі еңбек етіп, халық алғысына бөленіп отыр.