5 жастан асқан балаларға Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германиялық BioNTech және америкалық Pfizer компаниялары бірігіп әзірлеген 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға арналған COVID-19-ға қарсы вакцина жақын арада қолданысқа шығуы мүмкін.
Бұл туралы BioNTech компаниясының медициналық зерттеулер бойынша директоры Озлем Тюречи хабарлады деп жазды БЕЛТА.
Жақын апталарда біз бүкіл әлемдегі 5 пен 11 жас аралығындағы балалар арасында жүргізген зерттеуіміздің нәтижесін билікке ұсынатын боламыз. Сонымен қатар осы жастар аралығындағы топқа вакцинаның, соның ішінде, Еуропада рұқсат берілуі үшін өтініш береміз, - деді Озлем Тюречи.
Оның айтуынша, екпе өндіріске дайындалу үстінде. Сондай-ақ балаларға арналған препараттың ересектердікінен айырмашылығы жоқ, тек дозалануы аз.
Зерттеу нәтижесі дайын болып қалды, енді оны биліктің бекітуін күтеміз. Жылдың соңына қарай алты айдан асқан сәбилердің арасындағы зерттеу нәтижелері шығады, - деді BioNTech компаниясының тең құрылтайшысы Угур Шахин.
Айта кететін жайт, қазан айының ортасынан бастап 12 жасқа дейінгі балаларға Германияда BioNTech - Pfizer вакцинасы салынуы мүмкін
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы