5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты 5 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады – кей жерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұруы ықтимал.
«Қазгидромет» РМК-дан хабарлағандай, жауын-шашынсыз ауа райы елдің тек батысында сақталады. Республиканың кей өңірінде тұман, бұршақ, екпінді жел күтіледі.Атап айтқанда, Солтүстік Қазақтан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман, күндіз дауыл, 15-25 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде бұршақ, түнде кей жерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болжанады.
Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с артады, түнде және таңертең тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында - дауыл, Павлодар облысында түнде кей жерінде - тұман, Қарағанды облысының кей жерінде бұршақ болжанады.
Сондай-ақ Түркістан, Атырау облыстарында, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Алматы, Ақтөбе облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Бұдан басқа, түнде Батыс Қазақстан облысының кей жерінде топырақ үстінде 1-3 градус үсік жүреді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана LRT автобусқа кедергі келтірмеуді сұрады
Келесі жаңалық
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Өзгелердің жаңалығы