Еліміздің 5 спортшысы киокушинкайдан Әлем чемпионатының финалына өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "Жекпе-Жек" сарайында KWU киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша Әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Әлем чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша – ерлерде тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және алты салмақта әйелдер (50, 55, 60, 65, 70 және 70кг жоғары) өзара мықтыны анықтамақ.
Чемпионатқа әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысып жатыр. Финалдық кездесуде ел намысын: ерлер арасында 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 85 кг дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50 кг дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 60 кг дейін Екатерина Гурова, 70 кг дейінгі салмақта финалға Әлемгүл Сабырхан өтті.
60 кг дейінгі салмақта Темірлан Жәнібек, 75 кг дейін Коваленко Артур, Сәдуақасов Нұрлыхан, 95 кг дейін Гарас Никита, 90 кг дейінгі салмақта Сүйінов Мерей, әйелдер арасында 55 кг дейінгі салмақта Иоанна Белых, 60 кг дейінгі салмақта Елизавета Липова, 65 кг дейін Тоғызбаева Эльнара, 70 келіден жоғары Жақсыбаева Ажар және Бочина Лидия қатарлы он спортшымыз қола жүлдені місе тұтты.
Финалдық кездесулер бүгін 16.00-де "Жекпе-Жек" сарайында өтеді.
Чемпионаттың ұйымдастырушылар – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы, Kyokushin World Union Халықаралық Ассоциациясы.
Естеріңізге сала кететін бір жайт, Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан Ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетіп жатыр.