5 шілдеден бастап мешіттер қайта жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 шілдеден бастап елімізде қатаң карантиндік шектеулер енгізіледі. Бұл туралы бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова арнауы Қаулы қабылдады.
1. Шектеледі:- қала маңындағы жолаушылар поездарының (электричка, жұмыс поездарын қоспағанда) қозғалысы
- қалааралық автобус тасымалдары тоқтылады
2. Адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тиым салынады.
3. Діни объектілердін (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагога және т.б.) қызметі тоқтатылады
4. Келесі ұйымдардың қызметі тоқтатылады:
- барлық мәдениет объектілері (театрлар, концерт ззалдары, мұражайлар, көрмелер және т.б.);
- азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметіне тыйым салуды;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютер клубтары, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалардың ойын алаңдары, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың қызметіне тыйым салуды;
- балаларды сауықтыру лагерьлері, мектепке дейінгі балалар мекемелері, балалардың түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтар, үйірмелер, балалар мен ересектерге арналған курстар;
- фудкорт, банкет залдары;
- СПА-орталықтар, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары, бассейндер, қалалық, қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер, қоғамдық моншалар, сауналар, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар, маникюр мен педикюр;
- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлары.
5. 500 м2 артық азық-түлік емес дүкендердің тек жеткізу қызметімен жұмыс істейді.
6. 65 жастан асқан тұрғындардың және 3 адамнан артық топтардың жүріп-тұруы шектеледі.
7. Қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бас санитардың қатаң карантиндік шектеу енгізу туралы Қаулысы
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы