5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойыны: Жеңімпаздар қандай жүлде алады

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының серіктестері бөлген қаражат жеңімпаздардың жүлдесіне сонымен қатар, кәдесый өнімдерін алуға, ғылыми бағдарлама спикерлерінің ақысын төлеуге, шетелден келетін мәдени бағдарламаға қатысушыларға төлем жасауға жұмсалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жүлделердің жалпы сомасы 253 млн теңгені құрайды. Әр спорт түрі бойынша жүлделер жеке беріледі. Командалық спорт түрлері – бұл ең алдымен көкпар және көк-бору. Жеңімпаз командаға 10 млн теңге, екінші орынға 6 млн теңге, қола жүлдегерге 4 млн теңге табысталады. Жеке спорт түрлерінде жеңімпаздар 500 мың теңгеден алады, екінші орын иеленгендер 300 мың теңгеден, қола жүлдегер 200 мың теңгеден алады, - деді 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров.

Оның айтуынша , ат спорты түрлеріне берілетін жүлде қоры басқа.

Ат спорты түрлерінде жүлделер біршама көп. Бәйге жеңімпазына 2 млн теңге, жорға, құнан бәйге, топ бәйге жарыстарында 3 млн теңгеден, аламан бәйгеде 5 млн теңгеден беріледі, - деді спикер.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ОКҚ
Өзгелердің жаңалығы