5 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.
"Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста және оңтүстіктің кей жерінде жаңбыр қатты жауады.Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, түнде Атырау облысының кей жерінде тұман күтіледі, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде найзағай,тұман күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, Түркістан облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде найзағай болады.