5 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 5 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, бұл әлі де Оңтүстік Каспий циклонымен және атмосфералық фронттармен байланысты. Кей жерде жауын-шашын, түнде оңтүстік-шығыста қатты жауын шашын болады. Кей жерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады.
Ақмола облысында кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді жаяу бұрқасынмен.
Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі, Жамбыл, түнде Алматы облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Атырау, түнде және таңертең Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерінде тұман болады.
Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарында кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді.