5 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 қаңтарда Қазақстанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжамын ұсынды.
Қазақстан территориясында атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Оңтүстіктің кей жерінде жауын-шашын жауады. Республиканың солтүстігінде және солтүстік-батысыңда қар жауады. Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі сақталады, - делінген хабарламада.
Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, түнде - бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерінде тұман күтіледі.
Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1 қаңтардан бастап күшіне енген заң жобалары
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы