Еліміздің 5 облысында дабылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның басым бөлігін жайлаған тұманға байланысты дабылды ескерту жариялады.

12 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында күндіз қар күтіледі. Кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Петропавл қаласында 12 желтоқсанда тұман күтіледі. Күндіз қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%, - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтан қаласында 12 желтоқсанда тұман сақталады.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

12 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерде күші 15-20 м/с.

Көкшетау қаласында 12 желтоқсанда күндіз тұман, көктайғақ күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

12 желтоқсанда Қостанай облысында күндіз қар күтіледі. Кей жерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында таңертең және күндіз 12 желтоқсанда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

12 желтоқсанда Батыс-Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, күндіз солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с күтіледі.   

Орал қаласында 12 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.   

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

12 желтоқсанда Түркістан облысының басым бөлігінде тұман күтіледі, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Шымкент қаласында 12 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

Түркістан қаласында 12 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.                                                     

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы