5 облыста 9 автожолда көлік қозғалысына шектеу бар

16 наурыз сағат 21:00-дегі жағдай бойынша ауа-райының қолайсыздығына байланысты 5 облыста республикалық маңызы бар 9 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облысында - жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар, көктайғақ, жел)
1. «Екатеринбург-Алматы» Жібек Жолы ААП - Қарағанды обл.шекарасы (барлық көлік түрлері үшін)

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол. (қар көшкіні қаупі)
1. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Ушановсое ауылы - Алтай қ.(барлық көлік түрлері үшін)

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 730 шақырымды құрайтын 5 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)
1.”Қызылорда-Павлодар” Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы
2. “Екатеринбург-Алматы” Ақмола обл.шекарасы-Теміртау қ. (Барлық көлік түрлері үшін)
3. ⁠”Қызылорда-Павлодар” - Ұлытау обл.шекарасы-Топар а.
4. “Екатерибург-Алматы” Новостройка а.-Ақсу-Аюлы а.
3. ⁠”Қарағанды-Аягөз-Бұғаз” - Қарағанды қ.-Қарқаралы қ. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін)

Павлодар облысында -жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол.
(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы. (Барлық көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол.
(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. «Қызылорда-Павлодар» - Жаңаарқа а.-Қарағанды обл.шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).

Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп –ұстауға 266 бірлік техника және 417 жолшы жұмылдырылған

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазавтожол
Өзгелердің жаңалығы