Бүгiн 2026, 19:45
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
5 наурызда ауа райы қандай болатыны белгілі болды
Синоптиктер 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктер 5 наурызға арналған Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, - Қазгидромет.
Республика бойынша ортақ табиғи құбылыстарға желдің екпін алуы, жаяу бұрқасынның жүруі, тұман, көктайғақтың, батыста шаңды дауылдың болуы жатқызылады.