5 наурыз – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, бүгін елімізде қар немесе жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

5 наурызда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы барикалық құрылымдардың тез алмасуы мен ағынды бөліктерге байланысты. Осыған орай кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғуы ықтимал. Тек батыста, оңтүстік-батыста және шығыста күн райы ашық болады.


Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болуы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы