5 мың тұрғыны бар ауылдарда МСАК орталықтары ашылады

 Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ведомствоның медициналық қызмет сапасын арттыру бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі. 

Қазіргі кезде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысында жағымды өзгерістер байқалып жатыр: жалпы өлім - жітім 11% - ға, ана өлімі - 58% - ға, ҚЖА және тыныс алу органдары ауруларынан өлім-жітім 17% - ға, туберкулезден 12% - ға, қатерлі ісіктерден 8% - ға төмендеді, - деп хабарлады вице-министр.

Ол атағандай, кадрлық тапшылықты еңсеру үшін 2021 жылы өңірлерге 3034 жас маман жұмысқа орналастырылды, бұл түлектердің жалпы санының 96% - ын құрайды. 

Бұл ретте ауылға 606 адам жұмысқа орналастырылды. МСАК-тың тең қолжетімділігі үшін 2019-2022 жылдар кезеңінде МСАК-тың 304 объектісі пайдалануға берілді. 2022 жылға 80 МСАК нысанының құрылысы жоспарланған, оның ішінде 6 нысан пайдалануға берілді, - деді ол. 

Оның айтуынша, ауылдық денсаулық сақтауды дамыту үшін аудандық ауруханалар қымбат тұратын медициналық жабдықтармен жабдықталады. 

Олар: 21 КТ, 92 рентген аппараты, босандыру қызметіне арналған 1099 бірлік жабдық.Халық саны 50 адамға дейінгі елді мекендер медицина қызметкерімен үйде қамтамасыз етілуі мүмкін, бұрын ауылдарда мұндай мүмкіндік болмаған.Тұрғындар саны 50 - ден 500 адамға дейінгі ауылдарда медпункт ашу, халқы 500-ден 1500 адамға дейінгі (бұрын 800-ден 1500-ге дейінгі) ауылдарда ФАП құру көзделеді. 5000-нан астам тұрғын тұратын ауылдарда МСАК орталықтары ашылады. Жаңа енгізілімдер жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дәрігерлік амбулаториялардың учаскелерін кеңейтуді көздейді, - деді Бүркітбаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы