5 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 5 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін кей облыста жаңбыр жауып, дауыл болуы мүмкін.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Түркістан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз дауыл болады.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді, шаңды дауыл болады.
Атырау, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының күндіз кей жерінде қатты ыстық болады.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жеріннде жоғары өрт қауіпі сақталады.