5 маусым республикалық референдум күні онлайн пікір алмасу алаңы ұйымдастырылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2022 жылғы 5 маусым Республикалық Референдум күні Нұр-Сұлтан қаласында ел көлеміндегі ең ауқымды «РЕФЕРЕНДУМ» онлайн марафонын ұйымдастырады.

Қазақстандық медиа кеңістіктегі тұңғыш саяси шара таңғы сағат 09:00-ден бастап түнгі 01:00-ге дейін жалғасады және отандық БАҚ-тардың интернет ресурсы мен әлеуметтік желідегі парақшаларында онлайн трансляцияланады. 

Марафонның негізгі мақсаты – референдум барысынан жедел ақпараттар беру, қоғамның түрлі топтарына саяси пікірталас алаңын ұсыну, дауыс берудің алдын ала қорытындысын ашық талқылау. 

Марафон барысында әр саланың өкілдері және эксперттердің қатысуымен брифингтер, дауыс беру барысы туралы еліміздің барлық өңірінен тікелей қосылымдар, дискуссия алаңдары ұйымдастырылады, - делінген хабарламада. 

Дискуссия алаңындағы талқылаулар республикалық теле және радиоарналардан тікелей эфирде беріледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы