Қазақстандық 5 емханада жасанды ұрықтандыру әдісі қолданылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандағы бес емхана экстракорпоральдық, яғни жасанды ұрықтандыру әдісін қолданады. Бұл туралы «Хабар 24» жазды.

Бір емдік шараның құны орта есеппен 1 жарым млн теңге тұрады. Бұл ретте мемлекеттен қаржылай қолдау бар. Оның игілігін жыл сайын 900-ге тарта отандасымыз көріп отыр.

Үкімет бөлген квотаның арқасында бүгінге дейін бір мыңдай сәби осы тәсілмен дүниеге келген.

Айта кетейік, 2010 жылы елімізде жасанды ұрықтандыру жасайтын екі ғана клиника болатын. Қазір олардың саны беске жетті.

Репродуктивтік технологиялардың даму деңгейі жоғары болуына қарай Қазақстанға әлемнің 50-ден астам елінен де бала сүюді қалаған жұптар келеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы