"5 баланың өлімі". Жітіқарадағы қайғылы жайттың себебі айтылды

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы 5 баланың неден қаза болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазан айында өте қайғылы жағдай болды. Өрт болып, салдарынан 5 бала қаза тапты. Бұл оқиға БАҚ беттерінде бірнеше рет жарияланды. Балалар түнде қараусыз қалған. Үйдің үлкені таңғы 4-те оянып, пеш жақпақ болған. Ол пешке ағашпен тағы бірдеңе салған. Кейін пеш жарылып, бала далаға қашып шыққан, - деді Құмар Іргебайұлы.

Өңір әкімі оқиға болған күні Жітіқараға барып, көз жұмған балалардың жақындарымен кездескен. Кейін қайғы жұтқан отбасыға екі бөлмелі пәтер берілген.

Ақсақаловтың сөзінше, үйдегі дабыл құрылғысы өшіп тұрған.

Тұрғындарға айтарым, пештің жағдайын тексеріп отыру керек. Мұржаны тазалап, дабыл құрылғысының жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз, - дейді әкім.

Еске салсақ, 2024 жылғы 11 қазанда өте қайғылы жағдай болды. Өрт болып, салдарынан 5 бала қаза тапты. Бұл оқиға БАҚ беттерінде бірнеше рет жарияланды. Отқа оранған үйде 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылғы кәмелетке толмаған балалар ересектердің қарауынсыз қалған. Үйінділерді тазарту барысында бес баланың өлі денесі табылды. Балалардың үлкені 2011 жылғы бала ғана аман, зардап шекпеген.

Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін құрбысына кеткен, ал әкелері түрмеде отыр.

Бұған дейін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ахмет Байтұрсынұлы ауылына апаратын жолдың қашан жөнделетінін айтқан еді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы