5 айда Конституциялық Сотқа 3 мыңнан астам адам жүгінген
Конституциялық Соттың төрағасы Эльвира Әзімова Мәжілісте өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында ведомствоның жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның сөзінше, Конституциялық Соттың 5 айдағы жұмысы азаматтардың өз өтініштерінде заңдардың жекелеген ережелерінің конституциялылығы проблемаларын әділ көтеретінін көрсетті. Осы уақыт аралығында 3 мыңнан астам азамат өз құқықтарын конституциялық қорғауға жүгінді.
Бұл цифрлар азаматтардың жаңа органға деген жай ғана қызығушылығының дәлелі болып табылмайды, өтініш берушілердің әрқайсысының өз құқықтарын қорғау ниетін растайды. Бұл ретте Қазақстан заңнамасында Конституциялық Сотқа жүгінгенге дейін құқықтық қорғаудың барлық басқа құралдарын қолдану туралы талап жоқ, - деді Эльвира Әзімова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы