5 айда 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ИИДМ көліктік бақылау органдары осы жылдың 5 айында еліміздің теңіз порттарына кірген теңіз кемелеріне барлығы 42 тексеру жүргізді.
Оның ішінде Қазақстанның 3, Ресейдің 26, Әзербайжанның 5, Иранның 8 кемесі болды.
Анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін Иранның 1 кемеге порттан шығуға тыйым салынды.
Кемелерді тексеру барысында заң бұзушылықтарды жою туралы 1 ұйғарым берілді.
Тексеру қорытындысы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 137 858 теңгеге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, биылғы 5 айда аумақтық органдар пайдаланудағы өзен кемелеріне 79 тексеру жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша 25 ұйғарым берілді. Кеме реестрінде барлығы 759 өзен кемесі тіркелген.
Сондай-ақ, осы кезеңде өзен флотының командалық құрамының 45 тұлғасына диплом беріліп, 14 тұлғасы аттестатталғанын атап өту қажет.
Сонымен қатар, жыл басынан бері республика бойынша 319 шағын өлшемді кеме тіркелген. 2020 жылдың 5 айының қорытындысында шағын өлшемді флотта аумақтық органдар 268 кемені қарап шықты.
Жалпы, осы мерзімде су көлігі саласында 5 көлік оқиғасы тіркелді, оның ішінде 2 теңіз және 3 шағын өлшемді флот болды.
Сондай-ақ, су көлігінде бақылауды жүзеге асыру кезінде 66 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 527 542 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндіріп алынды.