5 адамның өмірін жалмаған жол апаты. 19 жастағы күдікті қамауда отыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
30 қыркүйекте Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіндегі жол апаты 5 адамның өмірін жалмаған еді.
Шынымен де, бұл оқиға қоғамдық резонанс тудырды. Қазір Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті екі қылмыстық іс жүргізіп жатыр. Оның біреуі ҚК 345-бабының 4-бөлігі және 347 баптың 1-бөлігі бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Іс бойынша кезекші бөлімге 19 жастағы елорда тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Ол сот санкциясы бойынша 2 айға қамауға алынды. Яғни, ол 30 қарашаға дейін созылады. Қылмыстың тіркелуі 30 қыркүйек күні 00:19 минутта ресми түрде тіркелді, - деді Әділов.
Ол атағандай, тергеу қылмыстың ауыр түрі бойынша жүргізіліп жатыр.
Көпірдегі М-1 камерасының бейнелері бірден іске алынды. Олар қылмыстық істің материалдарында дерек ретінде пайдаланылып жатыр. Прокурордың шешімімен, бейнебақылау жариялануы мүмкін. Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр. Қажетті сот сараптамалары алынған соң, қылмыстық іс прокурор арқылы сотқа жолданады, - деді ол.
Әділов атағандай, жол апатынан екі көлікте адамдар қаза тапты.
Toyota Camry және Nexıa Ravon автокөлігінде отырған адамдар қаза тапты, - деді ол.