«5-10 жылда миллиардтаған шығынға батамыз». Энергетиктер АЭС-тің жаңа буыны жөнінде не дейді?

Егер Орталық Азия елдері ядролық энергетика көзін кеңейтсе, ол аймаққа қалай әсер етеді? Елдер экономикасы үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылмақ? Бүгін «Атом энергиясына деген жаһандық сұраныс және Орталық Азияның рөлі» тақырыбы өткен конференцияда сарапшылар осы тақырыпта сөз қозғады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жылына 60 млрд-қа жуық шығынға батамыз

«Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қаумдастығы» ЗТБ төрағасы Сергей Агафонов елімізде атом энергетика саласы Кеңес заманынан дамып келе жатқанын айтады. Ол Қазақстан энергетикалық тәуелділіктен құтылу үшін АЭС салу керек дейді.

Қазақстанда атом энергетика саласы енді ғана қолға алынған сала емес. Біздің шағын атом қондырғыларымыз бар, оның үстіне атом технологияларын экспортқа шығаруды қолға алдық. Сондықтан енді ғана кірісіп, бастадық деуге мүлдем келмес. Ал, басты сұрақ - «АЭС бізге не үшін қажет» деген сауалға келсек, оның бірнеше маңызды себептері бар. Біріншіден, елімізде жылдан жылға электр энергия тапшылығы артып келеді. Бұл тапшылықты жою үшін жылына шамамен 60 млрд теңге қаржы құртамыз. Мен мұны тапшылық емес, энергетикалық тәуелділік деп айтар едім. Меніңше, бұл цифр өте үлкен және энергия тапшылығының басталғанына тек екі жыл уақыт өтті. Сондықтан алдағы 5-10 жылды ойлауымыз керек. Ол кезде қазіргі жағдай сақталса, не болары белгісіз… Ал, отандық электр энергияны өндірушілердің бағасы 3 есе қымбат. Сол себепті АЭС салу арқылы, бірінші кезекте энергетикалық тәуелділікті құтылуымыз керек, - дейді Агафонов.

© BAQ.KZ / Олжас Адай

Агафонов Қазақстанның жағдайын кәрі құрлық елдерімен салыстыруға келмейтінін айтты. Сарапшының сөзінше, Орта Азия аумағында электр энергия нарығы Еуроодақ сияқты бір ізге түспеген.

Кейбір азаматтар үнемі АЭС-тен бас тартқан ел ретінде Германияны мысалға алады. Алайда бүгінгі таңда Германияны импортқа тәуелді елге айналды. Екіншіден, бізді ЕуроОдақтың құрамындағы елмен салыстыруға болмайды. Еуроодақтың елдері көп жыл экономикалық серіктес, бір бағытқа қарым-қатынас орнатқан. Олар бір-бірімен кез келген жағдайда электр энергияны арзан бағаға сатып ала алады. Оның үстіне Германияның маңайын АЭС-сі бар елдер қоршаған. Демек немістерде таңдау да бар деген сөз. Ал, Қазақстанның аймағында ондай ортақ нарық жоқ. Тек көрші елдерден қымбат бағаға сатып алып отырмыз. Мұны ескерсек, еліміз кез келген жағдайда электр энергиясыз қалуымыз мүмкін. Сондықтан АЭС ауадай керек деп санаймын, - деді «Қазақстандық энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қаумдастығы» ЗТБ төрағасы.

Қазіргі АЭС-тердің Чернобыль мен Фукусимадан айырмашылығы неде?

Сөз басында Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова АЭС-тен шыққан қалдықтардың қалай өңделетінін түсіндірді.

АЭС-тің реакторының сырты бір метр болаттан қапталады. Чернобыль апатынан кейін АЭС салу талаптары күшейтіліп, қауіпсіздік жүйелері жаңартылды. Қазір егер реакторда бір ақау анықталса, радицияны сыртқы шығармайтындар етіп қарастырылған. Екіншіден, реактор қандай қатты жел мен сел болса да сыртқы әсерлерге төтеп бере алады. Ал, АЭС-тен қалған қалдықтары радиациясы төмен, орташа және жоғары деңгейлі деп бөлінеді. Бірақ реакторға жағылған ядролық отынның 5 пайызы ғана жанады. Ал, қалған 95 пайызын қайта өңдеп, пайдалануға болады. Бүгінгі таңда әлемде ядролық қалдықты Ресей мен Франция елдері қайта өндіріп алып отыр. Ал, кейбір мемлекеттер оны көп уақытқа сақтап жатыр. Өйткені жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктер ашылу үстінде, - дейді Гүлмира Мұрсалова.

© BAQ.KZ / Олжас Адай

Сарапшы жаңа буынды технологиялардың қалай бақыланатынын атап өтті.

Чернобылдегі реактор каналды реактор, қазіргі типтегі реакторлардан басқа типке жатады. Ал, Фукусимадағы бір контурлы қайнайтын реактор. Бұл аталған қондырғылардың екеуіде 2 буынға жатады. Қазіргі таңда әлем мемлекеттері салып не қарастырып жатқан технологиялары 3, 3+ буындар. Ол технологиялардың қауіпсіздік жүйелері тарихта болған оқиғаларды ескере отырып, жүйелерін күшейткен. Бүгінгі таңда АЭС қауіпсіздігін халықаралық МАГАТЭ агенттігі ғана емес, бұдан басқа ірілі-ұсақты ұйымдар қадағалайды. МАГАТЭ халықаралық ұйымының арнайы 19 сұрақ қарастырылған құжаты бар. Міне, салатын елдің құрылысы басынан аяғына дейін осы сұрақтар арқылы тексеріліп, зерттеледі, - деді Гүлмира Мұрсалова.

Росатом санкцияға ілініп қалуы мүмкін бе, шорт-тізімде неге АҚШ жоқ?

Әлемде реакторларды шығаратын мемлекеттер көп емес, бар-жоғы бесеу ғана. Бүгінгі таңда америкалықтар бізге ешқандай қызғушылық көрсетіп, ұсыныстар берген жоқ. Сол себепті олар шорт-тізімге кірмеді. Ал, Қазақстан қауіпсіз АЭС ретінде су-сулы реакторды көздеп отыр, - деді энергетик.

Мұрсалова екі реакторлы АЭС-тің құны қанша екенін айтты.

Қазір нақты бағасын білмейміз, өйткені келіссөздер жүрігізілген жоқ. Әлемдік тәжірибені алсақ, екі қондырғысы реактордың құны 10-12 млрд доллар, - деді ол.

Энергетик АЭС салынатын Үлкенде сейсмикалық мәселе жоғын айтады.

Жалпы, Алматы мен Алматы облысының сейсмикалық жағдайлары әртүрлі. Үлкен ауылы Алматы қаласынан 350 шақырым жерде орналасқан. Бұл өңірлердің бүкілі зерттеліп, сарапшылардың бастамасымен ойластырылған. Яғни сейсмикалық, геологиялық, метеорологиялық жағынан қолайлы жердің бірі. Сондықтан әсері жоқ деуге болады, - деді Гүлмира Мұрсалова.

"BAQ.KZ" ақпараттық агенттігі АЭС салынуы мүмкін Үлкен аймағына қатысты деректі фильм түсірген еді. Онда Алматы облысындағы "Үлкен ауылының басқа аймақтардан қандай артықшылығы бар?", "Станса салынса, ауыл жұрты одан қандай пайда табады?" деген сауалдарға жауап алынған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы