"5-10-20" пилоттық жобасы әзірлене бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі (ТҚЖБ) "Нұрлы жер" бағдарламасының жаңа бағыты – "5-10-20" пилоттық жобасын әзірлеуді бастады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа пилот жоба "5-10-20" шарты бойынша тұрғын үй сатып алу үшін азаматтарды несиелендіруді қарастырады: 
- несие мөлшерлемесі 5%;
- бастапқы жарна 10%-дан бастап;
- несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

"5-10-20" пилот жобасына тұрғын үйге мұқтаж ретінде жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған азаматтар қатыса алады. 
Баспананы "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда: 

- Нұр-Сұлтан, Алматы және осы қалалардың маңындағы аймақтар үшін 18 млн аспайды; 
- Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Түркістан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласы үшін 15 млн теңгеден аспайды; 
- басқа аймақтар үшін 12 млн теңгеден аспайды. 

Әкімдіктер салған несие тұрғын үй бойынша 1 шаршы метр бойынша келесі баға параметрлері белгіленген: 

240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында; 
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтанда және осы қала маңындағы аймақта; 
200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласында және Алматы маңындағы аймақта; 
180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан және Қарағанды облыстарында; 
160 мың теңгеге дейін – басқа аймақтарда. 

Бұл бағдарлама ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 11 мамырында берген тапсырмасы аясында қолға алынып отыр.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы