5:0. Қарсыласынан ұтылған «Қайрат» Чемпиондар лигасынан шығып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматылық «Қайрат» сербиялық «Црвена Звездадан» жеңіліп, Чемпиондар лигасынан шығып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчі Белградта өтіп, 5:0 есебімен аяқталды. Алаң иелері бірінші таймда үш гол соғып үлгерді.
10-минутта Александар Катай алыстан дәл соққы жасап, «Црвенаны» алға шығарды.
12 минуттан соң Лоис Дьони айып алаңына енер тұста алыс бұрышты дәл көздеп, командасының басымдығын еселеді.
Бірінші тайм аяқталар тұста Катай айып соққысынан есепті 3:0 қылды.
Екінші таймның басында таблода 4:0 есебі тұрды - жартылай қорғаушы Мирко Иванич (49-минут) көзге түсті.
Жеті минуттан соң Филиппо Фалько ойынның бесінші және соңғы голын соқты.
Еске салайық, Алматыда өткен алғашқы кездесуде «Қайрат» 2:1 есебімен жеңген болатын. Осылайша «Црвена Звездадан» екі матч қорытындысы бойынша 6:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Ал «Қайрат» енді Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде ойнайды.