4,7 млн қазақстандық өндіріс саласында жұмыс істейді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жұмысшы саласының өкілдеріне көрсетіліп отырған қолдау шаралары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Министрдің айтуынша, қоғамда көп талқыланған бастамалардың бірі – еңбек өтілі бар азаматтарға ертерек демалысқа шығу мүмкіндігі. 2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 55 жасқа толған әрі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне кемінде жеті жыл міндетті жарна аударған адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілген.
Сонымен қатар қауіпті және зиянды жағдайда еңбек ететін қызметкерлер үшін жұмыс берушілердің міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын төлеу қарастырылған.
Өндірістегі қолайсыз әрі ауыр ортада жұмыс істейтін ұйымдардың барлығы ұжымдық келісімшарт жасасады. Бұл құжаттар ерекше еңбек талаптарын қамтиды және олар Еңбек кодексімен реттеледі, – деп түсіндірді министр.
Оның дерегіне сәйкес, бүгінде зиянды жағдайда 627 қызметкер еңбек етіп жүр, олар үшін тиісті зейнетақы жарналары төленуде. Жалпы алғанда, елімізде шамамен 4,7 миллион азамат жұмысшы мамандықтарымен шұғылданып, өндіріс саласында еңбек етіп келеді.