+ 46°С: Синоптиктер сенбі күнгі ауа райы болжамын жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 23 шілдеде еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Түркістан облысының шөлді аймақтарында +45 градусқа дейін өте қатты ыстық сақталады. Түркістанда күндіз +45°С өте қатты ыстық сақталады. Күндіз облыстың басым бөлігінде +40...+42°С қатты ыстық сақталады. Шымкентте күндіз +40...+42°С қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-батысында тұман болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан, күндіз 15-20 м/с. Петропавлда найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан, күндіз 15-20 м/с.

Түнде оңтүстік-шығыста, күндіз Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде найзағай, бұршақ, бұрқасын болады Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз найзағайдың екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз найзағай, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының солтүстігінде таңертең және күндіз найзағай ойнайды. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл соғады. Солтүстіктен солтүстік-шығыстан соғатын жел, облыс орталығында 15-20 м/с. Өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз +41...+43°С қатты ыстық.

Түнде оңтүстікте, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде +35°С қатты ыстық болады. Ақтөбеде күндіз найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы