4,6 трлн теңге дефицит: Сарапшы 2026 жылғы бюджет қалай жабылатынын түсіндірді
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында келесі жылғы ел экономикасына талдау жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Экономист Айбар Олжай "15 минуттық экономика" жобасында келесі жылғы ел экономикасына талдау жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айтуынша, 2026 жылдағы дефицит – 4,6 триллион теңге. Экономист оны немен жабатынымызға жауап іздеп көрді.
Дефицитті жабу үшін Қаржы министрлігі көбіне ішкі нарықтан қарыз алады. Яғни облигацияларды биржада орналастырып, ақша тартып, сонымен дефицитті жауып отырады. Бірақ осы қарызды төлеуіміз қажет қой. Ал жыл сайын бюджеттің қарыз төлеуге бөлетін қаржысы тоқтамай өсіп келеді. Келесі жылы біз осы облигациялық қарызды қайтаруға 3,5 триллион теңге жұмсайтын боламыз, - деді сарапшы.
Сонымен қатар ол Ұлттық қордың ақшасына қатысты да пікір білдірді.
Ұлттық қордың ақшасы осы дефицитті жабуға жұмсала ма? Жоқ. Бюджет деген дайын тұрған 23 триллион ақша деген сөз емес. Ондай ақша бірден топ етіп түспейді. Ал жылдың әр айларында әртүрлі мөлшермен салық жиналады. Бюджет түскен салық пен басқа да түсімдерді бірден шығыстарға жіберіп отырады. Мысалы, бірден жыл басталғанда бізде тез салық жинала қоймайды ғой. Бизнес енді бастап жатыр. Ал қаңтар айынан бастап зейнеткерлерге пенсия, мұғалімдерге айлық, студенттерге стипендия төлеу керек. Олар күтіп отыра алмайды. Дәл сол кезде Ұлттық қордың ақшасы бюджетке бірден жыл басында керек болады, - дейді Айбар Олжай.
- Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,9 миллионға жетті 11:21
- Бозжырадағы түсірілім: Джеки Чан Маңғыстаудың табиғатына тәнті болды 11:10
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды көздеп отыр 11:01
- Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті 10:43
- Қазақстанда вегетация кезеңінде 701 мың гектар егістік суарылды 10:21
- Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударушылар саны 3 есе артты 10:03
- Қазақстан кардиохирургия саласында әлемнің үздік 30 елінің қатарына енді 09:45