4,6 мың қазақстандық ағза алмастыруға мұқтаж: Елде донорлық жүйесі қалай дамуда?
Қазақстанда донор болуға ниеттілер саны артқанымен, бас тарту көрсеткіші әлі де басым.
Қазақстанда 4,6 мыңнан астам қазақстандық трансплантаттауды күтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қажеттілік жыл сайын артып келеді. Ағза алмастыруға мұқтаж жандар 2023 жылғы 3 961 пациенттен 2025 жылы 4 506 пациентке дейін өскен.
Сондай-ақ, науқастар санымен бірге әлеуетті донорлардың да қатары артып келеді. 2023 жылы олардың саны 49 адам болса, 2025 жылы 186-ға жеткен.
2023 жылы жеті донорлық процесс жүзеге асырылса, 2024 жылы - алты, ал 2025 жылдың өзінде 19 мәйіттік донор ағза алмастыру отасын жасауға мүмкіндік берді, - делінген министрліктің хабарламасында.
Айта кетейік, донор болуға ниеттілер саны 38 мыңнан 145 мыңға дейін артқанымен, бас тарту көрсеткіші әлі де басым болып отыр. Осыдан кейін бас тартудың көптігінен құтқарылған адам өмірінің санына теріс ықпал етуде.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек трансплантациясы жасалды.
Тағы оқи отырыңыздар:
Алматыда дәрігерлер Үндістанға барып ауруын асқындырған науқасты құтқарды