450 мың шақырымнан астам темір жол тексерілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жылжымалы диагностикалық құралдармен 450 мың шақырымнан астам жол тексеруден өткізілді. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.
Олар жолдың қауіпті жерлері мен ақаулы рельстерді уақтылы анықтауға көмектесті.
Магистральдық желілердің инфрақұрылымын тексеру мобильді диагностикалық кешеннің 7 бірлігімен жүргізіледі. Өлшеу құралдарының жоғары жұмыс жылдамдығы айына кемінде екі рет бақылауға мүмкіндік береді. Нәтижелер жол инфрақұрылымын жөндеу және қызмет көрсету бойынша жедел шешімдер қабылдау үшін компанияның тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін мәжілісте депутаттар елдегі темір жол тұйықтарын тексеруді ұсынған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Смайылов Мишустинмен сөйлесті
Өзгелердің жаңалығы