45 жасында зейнетке шығатын полицейлер енді 60 жасқа дейін жүреді
Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Ішкі істер саласына арналған Сенаттағы Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев офицерлерді зейнетке шығару жасы ұзартылатынын хабарлады.
Шынында да, қазіргі уақытта біздің полиция қызметкерлері өте тәжірибелі, кәсіби әлеуетке ие, олардың көпшілігі 45-55 жасында қызметтен кетуге және зейнетке шығуға мәжбүр. Сондықтан қазір әртүрлі коммерциялық құрылымдарда жұмыс істейді. Біз зейнетке шығу мәселесін көтеріп жатырмыз. Осыған байланысты жұмыс тобын құрдық,- деді Тұрғымбаев.
Оның айтуынша, майорларға төрт жыл қосып, 52 жастан бастан зейнеткерлікке шығуға мүмкіндік беріледі. Подполковниктерге – 55 жастан, полковниктерге – 58 жастан, ал жоғары басшылық құрамын 63 жастан бастап зейнетке шығару мәселесі қаралып жатыр екен.
Өзге елдердің тәжірибесін салыстырып отырмыз. Басқа елдерде бұл басқаша шешіледі. Мысалы, Ресейде - 60 жас, Жапонияда, Германияда - 65 жас. Біз де осы мәселені пысықтағымыз келеді, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өткен айда 1,5 мың азаматтың ипотекасы қайта қаржыландырылды
Өзгелердің жаңалығы