4,5 тонна есірткі, 3 қылмыстық топ, 153 іс. Оралов есірткімен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Жыл басынан бері барлығы 4,5 жарым тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ІІМ Есірткі кылмысына карсы іс-кимыл департаментінің өкілі Данияр Оралов айтты.
Биылғы 7 айда 1 491 есірткі қылмысы, оның ішінде 874 өткізу фактісі және 227 аса ірі көлемде есірткіні сақтау дерегі анықталды. Жыл басынан бері барлығы 4 жарым тонна түрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде 2,2 тонна марихуана, 400 кг астам гашиш және 87 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Нұр-Сұлтан қаласы, Атырау мен Павлодар облыстарының аумағына каннабис тобының және синтетика есірткілерін жеткізумен, өткізумен айналысып келген 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деді ол.
Оралов атағандай, синтетикалық есірткімен байланысты 890 қылмыс тіркелді.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Павлодар, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында 23 есірткі зертханасы жойылды.Есірткі заттарын заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76 сотқа дейінгі іс, оларды интернет арқылы өткізу бойынша 153 қылмыстық іс тіркелді, - деді ол.