2 Қазан 2026, 02:22 Фото: СҚО Полиция департаменті

45 шетелдік азамат елден шығарылды

СҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері СҚО-да 679 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 45 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды.

СҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, жыл басынан бері СҚО-да 679 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның 633-і көші-қон заңнамасын бұзған. 45 шетелдік елден шығарылса, 152-сінің ел аумағында болу мерзімі қысқартылды.

Петропавл тұрғыны такси жүргізушісінің дөрекілігіне шағымданды. Тексеру барысында полицейлер жүргізушінің Тәжікстанның 42 жастағы азаматы екенін анықтады. Ол көші-қон заңнамасын бұзған екен.

Ер адам жолаушылар тасымалымен айналысқан. Алайда Қазақстанға кірген кезде жұмыс істейтінін немесе кәсіпкерлік қызметті көрсетпеген. Бұған қоса, бұрын дәл осы себеппен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Тәртіп сақшылары бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық бойынша материал жинап, әкімшілік сотқа жолдады.

Сот шешімімен ер адамға бір тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалып, кейін Қазақстан Республикасынан бес жыл мерзімге шығару белгіленді.