6 Тамыз 2025 2025, 09:34 Фото: - архив/ BAQ.KZ

+44°С ыстық, найзағай, шаңды дауыл: Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жасап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміз бойынша бүгінгі күнге арналған ауа райы болжамын жасап, дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ыстық ауа райы +44°С-қа дейін және өрт қаупі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында;

Тұман – Астана, СҚО, Ақмола, Павлодар, Абай облыстарында;

Найзағай және жел 28 м/с дейін – Алматы, БҚО, Ақтөбе, ШҚО, Жетісу, Алматы, Жамбыл облыстарында;

Шаңды дауыл – Қызылорда, Түркістан облыстарында;

Төтенше өрт қаупі – еліміздің көптеген өңірлерінде күтіледі.

Дауылды ескертулер қай өңірлерде сақталады?

2-7 тамызда Атырау облысында ауа температурасы күндіз +33+38°С-тан +34+39°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +41°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауы болжамымен төтенше өрт қаупі сақталады.

2-9 тамызда Маңғыстау облысында ауа температурасы күндіз +35+40°С-тан +37+42°С қатты ыстыққа дейін, облыстың оңтүстігінде +44°С өте қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі.

2-10 тамызда Қызылорда облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.

2-10 тамызда Түркістан облысында ауа температурасы күндіз +30+35°С-тан +38+43°С қатты ыстыққа дейін жоғарылауы күтіледі. Температуралық фонның жоғарылауына байланысты төтенше өрт қаупі сақталады.