440 мыңнан астам алматылыққа 42 500 теңгеден берілген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі төтенше жағдай барысында 898 136 өтініш қабылданды, форматты-логикалық бақылауға сәйкес келмегендіктен қалған өтініштер қайтарылды. Бұл туралы Алматы әкімі брифинг барысында айтты.

Сағынтаев онлайн баспасөз мәжілісі барысында төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж қалалықтарға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.
Президенттің тапсырмасына сәйкес ТЖ енгізілуіне орай табыстарынан айрылған жандарға ең төмен көлемдегі бір айлық жалақы ай сайын берілді және аз қамтылғандар санатына жататындардың коммуналдық қызметтері төленді. Коммуналдық қызметтерді төлеуге 2,1 млрд теңге бөлінді, олардың 30,4 мыңы мақұлданып, 456 млн теңге төленді. Осы көмекті алу үшін алматылықтардан 198 мың өтініш түсті, - деді әкім.
Оның айтуынша, әлеуметтік қолдау бірінші кезекте мүгедектерге, ҰОС қатысушыларға, оларға теңестірілген отбасыларға, мүгедек баланы тәрбилеп отырғандарға, көпбалалы отбасыларға, ең төмен зейнетақы алатындарға, жалғызбасты зейнеткерлерге, сонымен қатар АӘК алатын азаматтарға көрсетілген.
Осы қиын сәтте қала тұрғындарына қоғамдық қорлар және Nur Otan партиясы айтарлықтай көмек көрсетті, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылды. «Жаңа Алатау» ҚҚ азық түлік себеттерін апарып берді. «Birgemiz» қоры 52,1 мың адамға 2,6 млрд теңгенің бірретік көмегін көрсетті, - деді ол.
Сондай-ақ ол, әкімдік деңгейінде 1,9 млрд теңгенің қосымша әлеуметтік шаралары қарастырылғанын, қарт адамдар мен жалғызбасты зейнеткерлерге ыстық тағамдар берілгенін айтты. 
27 наурыздан бастап күн сайын 819 зейнеткерге жалпы сомасы 33,6 миллион теңге көлемінде ыстық тамақ жеткізілді. Әлеуметтік жағынан мұқтаж 7 мың адам жалпы сомасы 75 млн теңгеге санитарлық заттармен қамтамасыз етілді. 40 мың адамға 2 млн медициналық маска таратылды, - деді қала әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ашық дереккөз
Өзгелердің жаңалығы