44 қазақстандық университет Азияның үздік оқу орындарының қатарына енді

QS Quacquarelli Symonds агенттігі 2026 жылға арналған Азияның үздік университеттерінің рейтингін жариялады. Биыл тізімге 25 елден 1529 жоғары оқу орны кірген, деп хабарлайды BAQ.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Рейтингке алғаш рет 554 университет қосылып, бұл QS тарихындағы ең ауқымды зерттеу болды. Қатысушылар саны бойынша Қытай (395 ЖОО), Үндістан (294), Жапония (147) және Оңтүстік Корея (103) көш бастап тұр.

Қазақстан үшін бұл – рекордтық көрсеткіш: 44 университет рейтингке енді, оның 10-ы алғаш рет тізімде.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 38-орынға, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 61-орынға, Satbayev University 79-орынға, ал Назарбаев университеті 201-орынға ие болды.

Министрліктің мәліметінше, бұл жетістік елдегі жоғары білім сапасы мен халықаралық серіктестіктің нығайғанын көрсетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы