44 млн теңге шығын: Қостанайда алаяқтық жасаған кәсіпкер әйел сотталды
Қостанайда алаяқтық жасады деп айыпталған кәсіпкер әйелге қатысты сот үкімі шықты.
Сот мәліметінше, оның әрекетінен төрт адам зардап шегіп, жалпы шығын көлемі 44 миллион теңгеден асқан.
Сот талқылауы барысында анықталғандай, «Velvet» жеке кәсіпкерлігін тіркеген әйел интернеттегі сауда алаңдарына хабарландыру орналастырып, тауарларды бөліп төлеуге (рассрочка) алуды ұсынған. Бұл ретте ол тауарды сату бойынша міндеттемелерін орындауды мүлдем жоспарламаған. Алған ақшаны кәсіпкер қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажеттіліктеріне жұмсап отырған.
Бұдан бөлек, сотталушы айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы болмаса да, теңгені рубль мен долларға нарықтағыдан төмен курспен айырбастау қызметін ұсынған. Клиенттерден алған ақшаны да ол өз игілігіне жаратқан.
Алаяқтық әрекеттердің салдарынан төрт жәбірленушіге 44 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.
Сотта әйел өз кінәсін толықтай мойындап, өкінетінін жеткізді. Жаза тағайындау кезінде сот бұл мән-жайды, сондай-ақ оның асырауында жас балаларының бар екенін ескерді. Жауаптылықты ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.
Қылмыстардың жиынтығы бойынша сот кәсіпкерді 5 жыл мерзімге қаржылық қызмет көрсету саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.
Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, жас баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару бес жылға шегерілді.
Жәбірленушілердің келтірілген шығынды өтеу туралы азаматтық талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
- Алматыда ескі автокөліктерді жаңасына ауыстыру бағдарламасы енгізілуі мүмкін 10:07
- Қылмыс жасалмай тұрып анықталады: Қазақстанда жаңа жүйе іске қосылды 09:53
- Бірінші Құрылтайға кімдер барады? 545 кандидаттың портреті 09:32
- Астанада 22-қабаттан құлаған қыз қаза тапты: Полиция тергеу бастады 09:14
- Биыл Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері бойынша 7 жоба іске қосылды 08:56
- Қазақстанда жаңа өнім астығының түсімі төрт есеге жуық артты 08:40
- Қазақстан құрамасы халықаралық география олимпиадасында екінші орын алды 08:22