"43 млн теңге": ҚазҰАЗУ-да бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде 2020 жылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру аясында бюджет қаражатын жымқыру фактілері жасалған, деп хабарлайды BAQ.KZ университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылы Университет пен «Ai-Tall» ЖШС арасында (5,8 млн. теңге сомасына «амиак селитрасын» сатып алу бойынша), «КемалханСтройЭлит» ЖШС-мен (15,8 млн. теңге сомасына «аммофос» сатып алу және жеткізу бойынша) және «ҚазТрайдСнаб» ЖШС-мен (22 млн. теңге сомасына «қант жүгерісі» тұқымын сатып алу және жеткізу бойынша) келісімшарт жасалған.

Жоғарыда көрсетілген шарттар бойынша тұқым себу және себу орындарын өңдеуді растау актісін жалған жасау фактілері анықталды, - делінген хабарламада.

Университет баспасөз қызметінің мәліметінше, «ДарМирАудит» ЖШС жүргізген қорытындыға сәйкес мемлекетке 43,8 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Сонымен қатар, университетте табыс табу мақсатында жеке кәсіпкерлерге жалға берілетін бірқатар тұрғын емес коммерциялық үй-жайлар (дүкендер, асханалар және т.б.) бар.

Мәселен 2012-2022 жылдар аралығында «Дана ЖК» коммерциялық үй-жайларды (дүкен үшін) тұрақты түрде жалға алған, бұл ретте ай сайынғы жалдау ақысы университеттің бұрынғы қызметкеріне қолма-қол ақшамен және мобильді аударымдармен беріліп отырған, алайда ол университеттің есеп шотына түспеген. Бұл фактілер ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы және ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасау фактісі бойынша СДТБР-інде тіркелген, - деді университет баспасөз қызметі.

Университеттің жаңа басшылығы 2023 жылдан бастап заңсыз шығарылған активтерді, оның ішінде ЖОО жатақханалары мен оқу аудиторияларын қайтару бойынша барлық қажетті шараларды қабылдаған.

Айта кетейік, Алматы прокурорлары аграрлық университеттегі жымқыру дерегін анықтаған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы