42500 теңге: "Отказ" келсе, қайта өтініш беріңіздер – вице-министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Telegram каналында өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 42 500 теңгеге берген өтініштерін кері қайтарылып жатқанын түсіндірді.

Кеше күні бойы және бүгін 42500 төлемге өтініш бергендердің бәріне "сізге берілмейді" деген жауап келіп жатыр екен. Көбінесе, өздерін жұмыспен қамтығандар. Олардың негізінен алдымен өтініш беріп, сосын барып БЖҚ төлеген. Осылайша, жүйе олардың төлемдерін көрмей калған. Сосын бірден бас тарту туралы хабарлама келген. Тағы бір жағдай, кейбір банктер БЖҚ төлемі жайлы ақпаратты бірден жібермейді. Олар екі-үш күнге кешеуілдетіп жатыр, - дейді Нариман Мұқышев.

Енді кейбір қазақстандықтар министрліктен 42500 теңгеге қайта тапсырыс қабылдауды сұрап жатыр.
Сіз 42500.enbek.kz сайты арқылы қайта өтініш бере аласыз. Егер БЖҚ төленіп, шынымен төтенше жағдайға байланысты табысыңыздан айырылсаңыз онда дәл қазір жүйеге кіріп өтініш беріңіз, - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы