42 500: әр аймаққа қатысты жеке-жеке 18 телеграм-бот ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов онлайн-брифинг барысында төтенше жағдайға байланысты өздерінің бағыты бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мемлекеттік органдардың қызметі мен жұмысқа қабілеттілігін арттыру мақсатында үш күн ішінде жиырма мыңнан астам мемлекеттік қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізді.
42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлем алуға қатысты 2 тәулік ішінде Телеграм-бот іске қосылды. Мұнда сұраныс шектен тыс көп түскендіктен белгілі бір лимит қойылды. Сол себепті, біз әр аймаққа қатысты жеке-жеке 18 телеграм-бот аштық. Қазіргі таңда бұл боттар 515 мыңдай сұраныс қабылдады, олардың ішінде @help1414bot ботына 45 мың көлемінде, ал аймақтық боттарға 470 мыңдай сұраныс түскен, - деді ол.Сонымен қатар, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ SMS-хабарламалар жіберуге де атсалысқан. SMS-шлюз 300 мыңнан астам хабарлама жіберген.
Сондай-ақ, Әсет Тұрысов ҚР ДСМ бірлесе отырып, коронавирус симптомдарын анықтауға арналған онлайн-диагностикалау анкетасы жасалғанын мәлімдеді.
Бүгінде бұл анкетадан 777 адам өтті. Ол "eGov-Mobile"-да орналасқан. Сондай-ақ, халықты вирусқа шалдыққан және олармен байланыста болған адамдар туралы ақпараттандыру картасы жасалды. Жоғарыда айтылғандардың барлығы қысқа мерзімде жасалды, - деді ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алыпсатарлық пен дүрбелеңге жол берілмейді – Тоқаев
Өзгелердің жаңалығы